Өрлеу Алматыда «Математиканы оқыту: қазіргі тенденциялар мен әдістемелер» қазақ және орыс тілдерінде оқытатын математика пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өтуде.
Курстың мақсаты: математика пәні мұғалімдерінің математиканы оқыту және оқыту әдістемесі саласында математикалық білім беруді меңгеру және жүзеге асырудағы кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Курс мұғалімдердің келесі құзыреттерін жетілдіруге бағытталған:
- оқу процесін ұйымдастырудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдана білу;
- білім беру сапасын диагностикалау және бағалау, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ортасын құру мүмкіндігі;
- математикалық ұғымдарды, объектілер мен заңдылықтарды меңгеруде құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды пайдалана отырып, оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін әзірлеуге және енгізуге дайын болу, әмбебап дағдыларды қалыптастыру.
Курс әл-Фараби атындағы №145 МГ базасында, аға оқытушы Көмекова Сандуғаш Оралханқызының жетекшілігімен өтуде.








