«Өрлеу» Нұр-Сұлтан математика мұғалімдеріне арналған «PISA халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын дамыту» тақырыбында біліктілік арттыру курсы жалғастыруда. Тренер Боранбаева Л.К. 2022 жылдың 21 маусымында көшпелі тәжірибелі сабақ аясында № 61 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Малкаждар Айгелді Амангелдіұлы, № 86 гимназиясының математика пәні мұғалімі Бабакулова Мерует Абдракымовна курс тыңдаушылары үшін ашық сабақтар өткізді.
Тыңдаушылар оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыруға арналған қазіргі педагогикалық технологияларды қолданудың тиімді жолдарымен, компьютерлік бағдарламалармен танысып, математикалық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды пайдалана отырып сабақтар циклін жобалауда.

- 22 Июн
- 2022