18 ақпанда кафедра меңгерушісі Ляйля Каирбековна мақсатты мектептердің негізгі деңгейдегі білім беру бағдарламасы бойынша оқудан өткен педагогтерді курстан кейінгі сүйемелдеу шеңберінде ұйымдастырылған математика мұғалімдеріне арналған «Математикалық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды әзірлеу үшін FILA кестелерін пайдалану» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты мұғалімдерге математикалық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды әзірлеу үшін FILA кестелерін пайдалану дағдыларын дамыту.
Семинар барысында қатысушылар FILA кестесін қолдана отырып, 7-8 сыныптарға арналған алгебра пәнінің тапсырмаларын әзірледі. Топтық жұмыстың нәтижелері алдын-ала белгіленген критерийлер бойынша бағаланды.

