Бүгін Өрлеу -Маңғыстау филиалында курс тыңдаушыларын курстан кейін сүйемелдеу мақсатында математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математика пәнін оқытудың тиімді әдістері» тақырыбындағы вебинар өтті.
Вебинар мақсаты – математика пәнін оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып педагогикалық шеберлікті шыңдау.
Математика пәнінің мұғалімдерінің қатысуымен өткен шарада Маңғыстау ауданы Ә.Кекілбайұлы атындағы жалпы білім беру орта мектебінің мұғалімі Р.Серік, Бейнеу ауданы М. Бегенов атындағы жалпы білім беру орта мектебінің мұғалімі У. Аккозова ,Ақтау қаласы №12 жалпы білім беру орта мектебінің мұғалімі Г.Жанбыровалар іс -тәжірибелерімен бөлісіп, біліктілікті арттыру курсынан алған білімдерін ортаға салып, кері байланыс берді.
Вебинар тыңдаушылары пәнді оқытуда кездесетін кедергілер:
• оқушылардың геометриялық ұғымдарын қалыптастыру;
-теореманы дәлелдеуді оқыту әдістерін талдау;
-оқу сабақтарын жоспарлау үшін оқыту стратегиялары мен практикаға бағытталған тапсырмаларды іріктеу және түзету;
• оқыту әдістерін тиімді таңдау
мәселелері бойынша өзара пікір алмасты.
Курс жетекшісі А.Едилова тыңдаушыларды ойландырып жүрген сауалдарға жауап берді.