Бүгін Өрлеу -Маңғыстау филиалында курс тыңдаушыларын курстан кейін сүйемелдеу мақсатында математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математика пәнін оқытудың тиімді әдістері» тақырыбындағы вебинар өтті.
👨💻Вебинар мақсаты – математика пәнін оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып педагогикалық шеберлікті шыңдау.
🔷Математика пәнінің мұғалімдерінің қатысуымен өткен шарада Маңғыстау ауданы Ә.Кекілбайұлы атындағы жалпы білім беру орта мектебінің мұғалімі Р.Серік, Бейнеу ауданы М. Бегенов атындағы жалпы білім беру орта мектебінің мұғалімі У.Аккозова,Ақтау қаласы №12 жалпы білім беру орта мектебінің мұғалімі Г.Жанбыровалар іс -тәжірибелерімен бөлісіп, біліктілікті арттыру курсынан алған білімдерін ортаға салып, кері байланыс берді.
🔶Вебинар тыңдаушылары пәнді оқытуда кездесетін кедергілер:
• оқушылардың геометриялық ұғымдарын қалыптастыру;
-теореманы дәлелдеуді оқыту әдістерін талдау;
-оқу сабақтарын жоспарлау үшін оқыту стратегиялары мен практикаға бағытталған тапсырмаларды іріктеу және түзету;
• оқыту әдістерін тиімді таңдау
мәселелері бойынша өзара пікір алмасты.
Курс жетекшісі А.Едилова тыңдаушыларды ойландырып жүрген сауалдарға жауап берді.