Астана қаласының математика пәні мұғалімдеріне арналған «10-11 сыныптар математика курсының күрделі тақырыптарын оқытуда математика мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсы аяқталды.
Курс тыңдаушылары 10-11 сыныптарда оқытылатын тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер және оларды шешу әдістері, GeoGebra қосымшасының көмегімен салуға арналған геометриялық есептерді шешу жолдарын айқындап, тәжірибелерімен бөлісті. Мұғалімдер курсқа белсенді қатысып, сапалы білім алды.
