«Өрлеу» БАҰО АҚ Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму инсититуты базасында орыс тілінде оқытатын математика пәні мұғалімдеріне арналған «5-9 сыныптардағы математика мұғалімдерінің құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізіліп жатыр. Курстың негізгі мақсаты- пәнді оқытуда мұғалім құзыреттілігін дамыту, күрделі тақырыптар мен мәтіндік есептерді шығартудың тиімді әдістемелерімен таныстыру, білімдерін кеңейту. Курсты тәжірибелі математика пәні мұғалімі Д.Е.Естаев жүргізіп, тыңдаушыларға практикалық мәтіндік есептер құрастыртып, оның бірнеше шешу жолдарын өздеріне тапқызып, қорғау арқылы қорытынды жасатып, күрделі есептерді меңгертудің оңай тәсілдерін үйретті.
