Математика пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін дамыту

Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтында 2023 жылдың 11 және 22 қыркүйегі аралығында тренер Тәжібаева Гаухар «5-9 сынып математика пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында математика пәні мұғалімдеріне біліктілікті арттыру курсын өткізуде.

Тыңдаушылар оқытудың барысында сызықтық және квадраттық функцияның графигін құруда GeoGebra бағдарламасын қолдану ерекшеліктерін қарастырды. Графиктің коэффициенттеріне қатысты орналасуын, олардың тәуелділіктерін негіздеп, берілген функцияның графигіне параллель немесе қиятын сызықтық функцияның формуласын табуды жан-жақты меңгеріп жатыр.

Сонымен қатар, белсенді оқуға бағытталған түрлі әдістерді үйреніп, олардың тиімділігін бағалауға, ал тәжірибе алмасу сабақтары әріптестер арасында ынтымақтастықты құруға негіз болды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар