«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Парида Каркабаева 21 ақпан мен 04 наурыз аралығында Жамбыл, Байзақ аудандары мен Тараз қаласы математика пәні мұғалімдеріне «Математика пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында курс өткізуде. Курс аясында мұғалімдер математика пәнін оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері, саралау тәсілдері, Блум таксономиясын, сабақты жоспарлау, түрлі тапсырмалар дайындау бойынша материалдарды меңгеруде.
Ербол Избасаров, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы

