Математика пәні педагогтеріне арналған семинар өтті

24 қаңтарда «ӨРЛЕУ» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалының аға оқытушысы Боранбаева Л.К. «Теңсіздіктерді әртүрлі әдістермен шешу» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға математика пәнінің мұғалімдері қатысты. Семинар аясында тыңдаушылар әр типтегі теңсіздіктерді (модульдермен, иррационалды, көрсеткішті, логарифмдік, тригонометриялық, аралас) шешу үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдердің кең жиынтығымен танысты. Осы тақырып бойынша жұмыс тәжірибесімен педагог-зерттеуші, № 82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің математика мұғалімі Саугабаева Жанат Марксовна бөлісті.

Семинарға қатысушылар семинарға жоғары баға беріп, оның практикалық маңыздылығын атап өтті. Семинар барысында көтерілген тақырып өзекті, мұғалімдердің күнделікті жұмысында кездесетін теңсіздіктерді шешу әдістемесі бойынша түсініктеме береді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар