“Мағжан: рухты поэзия, тәрбие идеясы, философиялық тұжырым” секциясы

Бүгін “Өрлеу”-СҚО базасында “Мағжан Жұмабаев: ғасырлар тоғысында” халықаралық конференциясы аясында “Мағжан: рухты поэзия, тәрбие идеясы, философиялық тұжырым”секциясы өткізілді. Іс-шара Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, СҚО әкімдігі білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып, Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың ғылыми мұрасын өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиесінде қолданудың инновациялық педагогикалық мүмкіндіктерін ашу.

Цмрито, М.Қозыбаев атыңдағы СҚУ, Қызылжар ауданының «Парасат» мектеп-лицейінің, Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының үздік педагогтары мен әдіскерлерінен көп тәжірибені облыстың мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен мектептерінің педагогтары алды.

Сөз сөйлеу барысында спикерлер Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын зерделеу кезінде сабақты ұйымдастырудың түрлі әдістемелік тәсілдерін ұсынды, ұлы ақынның педагогикалық идеялары мен атақты поэмаларының пәнаралық интеграциясын көрсетті, оқу мотивациясын дамытудың заманауи құралдарын ұсынды.

Рефлексия барысында қатысушылар іс-шараның практикалық маңыздылығын атап өтіп, ұсынылған әдістерді қолданудың келешегімен бөлісті, Мағжан Жұмабаевтың поэтикалық мұрасының маңыздылығын атап өтті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар