Ағымдағы жылдың 26 қараша күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының бірлесе ұйымдастыруымен «Мақсатты мектептерді дамыту» жобасы шеңберінде Жамбыл өңірінің 60 мақсатты мектептердің ағымдағы жұмысына талдау жасалып, шараға қатысушы 60 мектеп ұжымы, аудан әдістемелік бөлім әдіскерлеріне, алдағы атқарылатын жұмыстардың мазмұны мен мақсат, міндеттері түсіндірілді. Республика көлемінде аталған жобаға 943 мектеп мұғалімдері тартылса, оның ішінде Жамбыл өңірі бойынша 105 мектеп, алғашқы лекте 60 мектептен 2704 педагог «Базалық деңгей» біліктілікті арттыру курсынан сәтті өткендігі туралы айтылды.
Семинар-кеңестің алғы сөзінде Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Латипа Сейдахметқызы мақсатты мектептерді әдістемелік қолдау бойынша педагогтың кәсіби біліктілігін арттыру курстарының мазмұны мен курстан кейінгі курс тыңдаушысы атқаруға тиісті бірқатар жұмыстардың маңыздылығына жан-жақты тоқталды. Әсіресе, курс тыңдаушылырының білім беру қызметін атқарып отырған мектебінде курстан кейінгі 1- 3 жыл аралығында өз кәсіби деңгейіне байланысты, фукционалдық сауаттылықтың түрлерін оқу үдерісінде қолдана білу, осы санатта өндірістік әдістерді күшейту керектігін, мұндай жұмыстар болашақта халықаралық PISA бағдарламасы, ББЖМ сондай-ақ ҰБТ кезінде балалардың біліктілігіне әсер ететіндігін алға тартты.
Өткізілген «Базалық деңгей» біліктілікті арттыру курсының нәтижесі мен Қорытынды тестілеуге толықтай талдау жасап, қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, мақұлданды.