Мақсатты мектептердің тарих пәні мұғалімдеріне арналған вебинар өткізілді

Бүгін «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында педагогтерді курстан кейінгі қолдауға бағытталған мақсатты мектептердің педагогтеріне тарих пәні бойынша «Білім алушылардың академиялық үлгерімін бағалау және сындарлы кері байланыс беру үшін PISA 1-6 деңгейіндегі тапсырмаларды әзірлеу және пайдалану» тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинар жұмысына 2024 жылдың қыркүйек-қараша айларында деңгейлік біліктілікті арттыру курсынан өткен 32 педагог тартылды.

2023 жылдан бастап «Өрлеу» филиалдарында біліктілікті арттыру курстарынан өткен әрбір педагог 1 жыл ішінде курстан кейінгі сүйемелдеумен қамтамасыз етілуі тиіс. Педагог қызметін курстан кейінгі сүйемелдеу – педагогтің курстан кейінгі қызметін үздіксіз мониторингтеу және әдістемелік, консультациялық көмек көрсету арқылы оның кәсіби құзыреттілігін дамытуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүйесі.

Осыған орай, вебинар модераторы, курс авторы әрі жетекшісі Раушан Мәрсәлі Қызылорда облысының Жалағаш және Қармақшы ауданындағы мақсатты мектептердің курстан өткен тарих пәні мұғалімдерін курстан кейінгі қолдау мақсатында «PISA аясында оқу сауаттылығының деңгейлері бойынша тапсырмалар әзірлеу әдістемесі» шеберлік сыныбын өтті.

Қатысушылар курстан кейінгі жетістіктермен және қордаланып отырған олқылықтар/проблемаларды ортаға салып, PISA аясында оқу сауаттылығының деңгейлері бойынша жасалған тапсырмалардың үлгісімен танысып, әзірлеу әдістемесін талдады. Вебинар барысында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда қолдануға жаңа инновациялық әдістер ұсынылып, оларды жүргізу алгоритмін қолдана отырып, пысықталды.

Педагогтің кәсіби шеберлігін, зерттеушілік, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруде курстан кейінгі сүйемелдеу шараларының рөлі өте маңызды, алдағы уақытта вебинарлар керуені жалғасатын болады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар