Бүгін, 21 қаңтар күні Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Мұхит Аманқұлұлы мен Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Ләтипа Сейдахметқызы және директордың орынбасары Ш.Тайганбекова, кафедра меңгерушісі С.Қарымбаева еліміздегі «Мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында Тараз қаласындағы №48, 36 орта мектептеріне барып мақсатты мектептер мұғалімдеріне көрсетілетін әдістемелік қолдау шараларының кешенді жұмыс жоспарымен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бұл жоба – ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыруға, олардың заманауи педагогикалық әдістерді меңгеруіне және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған.

- 21 Янв
- 2025