«Мақсатты мектептер» жобасы аясында әдістемелік қолдау жұмыстары жалғасуда

Еліміздің әр өңірінде «Баршаға қолжетімді сапалы білім» атты Ұлттық баяндама негізінде енгізілген «Мақсатты мектептер» жобасы ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыруға, олардың заманауи педагогикалық әдістерді меңгеруіне және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған. Жоба аясында Өрлеу филиалдарында педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру, оқу үдерісін жетілдіру бағытында әдістемелік семинарлар мен шеберлік сыныптары өткізіліп келеді.

21 ақпанда Қызылорда облысы, Арал ауданындағы №283 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар әзірлеу» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.

Семинардың мазмұны бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған білім беру процесін жобалау мен жүзеге асыруда мұғалімнің пәндік және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру бойынша тәжірибе алмасуға бағытталған.

Әдістемелік шараның тәжірибелік бөлімінде қатысушылар 3 сыныптың Әдебиеттік оқу пәні бойынша «Мұхтар Әуезов «Бала Абай»» тақырыбында өткізілген панорамалық сабаққа қатысты. Сонымен бірге, «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмаларды әзірлеу» бойынша шеберлік сыныбы көрсетілді.

Семинардың екінші бөлімі «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Жаннат Ахметова жүргізген «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар әзірлеу» тақырыбындағы практикалық жұмыспен жалғасты. Жұмыс барысында қатысушылар функционалдық сауаттылықтың үш негізгі бағыты бойынша практикалық жұмысқа белсене қатысып, жеке және топтық тапсырмалар орындады, презентацияларын ұсынды.

Әдістемелік семинардың қорытынды бөлімінде педагогикалық проблемаларды шешу, білім берудегі ортақ мақсаттарға жету үшін тиімді жұмыстарды жүргізу жолдары, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар әзірлеу бойынша ұсыныстар айтылып, кері байланыс берілді.

Педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетуге, кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған әдістемелік шаралар біліктілікті арттыру саласында әдістемелік кеңістік құруға бағытталған маңызды қадам болмақ!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар