«Мақсатты мектептер» жобасы аясында әдістемелік қолдау көрсету шаралары жалғасуда

«943 – елдегі мақсатты мектептерді дамыту» немесе «Мақсатты мектептер» жобасы педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, олардың заманауи педагогикалық әдістерді меңгеруіне және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған. Жыл басынан бері «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында мектеп педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету шаралары жалғасып келеді.

Филиал жоспарына сай Қызылорда облысы, Арал және Қазалы ауданындағы мақсатты мектептердің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Формирование функциональной грамотности на уроках русского языка и литературы: методика составления уровневых заданий» тақырыбында вебинар өтті.

Вебинар модераторы Ұлбала Есмағанбетова орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға арналған деңгейлік тапсырмаларды әзірлеу әдістемесін ұсынды.

Білім алушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру мақсатында деңгейлік тапсырмаларды әзірлеу әдістемесін кеңейтуге бағытталған вебинар барысында спикерлер:

– Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту үшін шығармашылық тапсырмаларды қолдану;

– Оқу дағдыларын қалыптастыру бойынша интерактивті тапсырмаларды жасау үшін цифрлық платформалар мен құралдарды пайдалану;

– Мәтін мазмұнын талдау үшін тұжырымдамалық кестелерді пайдалану тақырыптарында тәжірибелерімен бөлісті.

Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту білім сапасын арттыруға және тиімді оқу ортасын құруға көмектеседі. Вебинар соңында орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша ұсыныстар айтылып, кері байланыс берілді.

«Мақсатты мектептер» жобасы аясында әдістемелік қолдау көрсету жұмыстары жыл бойы жалғасатын болады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар