Мақсатты мектептердің педагогтері  үшін арнайы семинарлар ұйымдастырылуда

     Қазақстанда білім беру жүйесін жаңғырту аясында  мақсатты мектептер жобасы маңызды рөл атқарады. Бұл жобаның негізгі мақсаты – білім беру сапасын арттыру, мектептердің инфрақұрылымын жаңарту, педагогтердің біліктілігін көтеру.

 Оралдағы «Өрлеу» филиалында мақсатты мектептің педагогтері  үшін арнайы семинарлар ұйымдастырылуда.

     16 қаңтар күні Педагогика және пәндік әдістер кафедрасының аға оқытушысы Динара Жумагалиеваның ұйымдастырумен  онлайн форматта “Табиғат физикасы: бөлімнің күрделі аспектілері” тақырыбында республикалық  семинар өтті.

     Іс-шараға республикамыздың түкпір-түкпірінен бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

 Семинар барысында жаратылыстану пәнінің күрделі тақырыптарын қарапайым және түсінікті жаңалықтарға қалай айналдыру мәселесі талқыланды. Бұл сұрақ базалық курс бағдарламасының “жаратылыстану” модулінің мазмұнын қарастыруда шешуші рөл атқарды.

     Семинар қатысушылары тек білім берумен шектелмей, сонымен қатар өз оқушыларын қоршаған әлемді тануға шабыттандыруды мақсат етті. Семинардың ең жарқын бөліктерінің бірі “Табиғат физикасы” тақырыбындағы практикалық блок болды. Қатысушылар зерттеу тапсырмаларын орындап, өздерін сынап көрді. Олар күрделі процестерді қарапайым сөздермен түсіндіруді үйреніп, сабақтарына енгізу үшін жаңа идеялар алды.

      Семинардың нәтижесінде жаратылыстану пәнін оқытуға арналған жаңа әдістер мен идеялар ұсынылды, бұл білім беру жүйесін дамытуға және оқушылардың ғылыми білімдерін тереңдетуге үлес қосады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар