Бүгін 26 наурыз күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның ұйымдастыруымен «Мақсатты мектеп» жобасы аясында ілгері деңгей бойынша біліктілікті арттыру курстары басталды.
Мақсатты мектеп жобасы – ұстаздардың кәсіби дамуына жан-жақты көзқарас ұсынады. Атап айтқанда: педагогикалық дағдыларын жетілдіруге, оқушылардың оқу нәтижелерін жақсартуға, ұстаздардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға, өз тәжірибелерін талдау және жетілдіру дағдыларын қалыптастыруға және сандық құзыреттілікті дамыту мен кәсіби өсуді қолдауға бағытталған. Батыс Қазақстан облысы бойынша 56 курс ұйымдастырылып, педагогика және пәндік әдістер кафедрасының аға оқытушыларымен қатар шақырулы ректорлар тартылды. Ілгері деңгей бойынша курстар үш сатылы бағалау жүйесін қамтиды: диогностикалық, аралық және қорытынды тестілеу.
Курстарда бастауыш сынып мұғалімдері, биология, математика, информатика, физика, тарих және құқық негіздері, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, география және химия пәні мұғалімдері қатысуда. Жалпы саны 1371 педагог біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік алды.
Біліктілікті арттыру курстары Оралдағы «Өрлеу» филиалының ғимаратында және қала мектептерінде өтуде.






