Бүгін, 27 қаңтар күні Тараз қаласы білім бөлімінде «Мақсатты мектеп» жобасына енген, Тараз қаласы бойынша 13 мектептің мұғалімдерін сапалы оқыту, сондай-ақ 3.02-07.03 аралығында жоспарланып отырған «Негізгі деңгей» курстарының өту орны (оқу кабинеттері), оқу жабдықтары, сапалы жылдамдықтағы желілік қолдау т.б. материалдық техникалық жабықталуы бойынша кеңес өтті.
Кеңеске Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы Раушан Пернешқызы, орынбасары Дурия Курмашевна, әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Гульжан Жадигеровна, Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Ләтипа Сейдахметқызы, орынбасары Шынар Малимбаевна қатысты.
Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы Раушан Пернешқызы тарапынан оқу кабинеттері, мұғалімдердің курсқа қатысуын қамтамасыз ету жағдайы туралы шешімдерімен қатар, мақсатты мектеп педагогтерін әдістемелік қолдау туралы бірқатар ұсыныстар берді.
Институт директоры Ләтипа Сейдахметқызы «Мақсатты мектеп» жобасы аясында әдістемелік қолдауға негізделген кешенді жұмыстарды нақтылап атап өтті. Кеңес соңында жобаға қатысушылар тарапынан ұсыныстар беріліп, оң шешімдер қабылданды.