Бүгін, 27 қаңтар күні «Мақсатты мектеп» жобасына енген білім беру ұйымдарының әкімшілік мүшелеріне арналған кеңес ұйымдастырылды. Кеңеске Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Ләтипа Қожамжарова, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Мектепке дейінгі тәрбие орта және жалпыға міндетті білім беруді ұйымдастыру бөлімінің басшысы Айдын Досыбаева, облыстық оқу-әдістемелік орталығының басшысы Шахризада Усерова, Қордай ауданының білім бөлімінің басшысы Санат Аширбеков және Қордай ауданы білім бөлімінің әдіскерлері қатысты.
Облыстық оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған кеңестің алғашқы сөзін облыстық білім басқармасы, мектепке дейінгі тәрбие орта және жалпыға міндетті білім беруді ұйымдастыру бөлімінің басшысы Айдын Досыбаева бастап, Жамбыл облысы бойынша «Мақсатты мектеп» жобасына енген 60 мектептің мұғалімдерінің әдістемелік шеберліктерін шыңдауға арналған «Негізгі деңгей» курстарын «Өрлеу»-Жамбыл аға оқытушылары өткізетіндіктерін алға тартып, институт директорына сөз берілді.
Институт директоры Ләтипа Сейдахметқызы мақсатты мектеп педагогтерін оқыту бойынша «Негізгі деңгей» біліктілікті арттыру курстары ағымдағы жылдың 3.02-07.03 аралығында жоспарланғанын хабарлап, «Мақсатты мектеп» жобасы аясында әдістемелік қолдауға негізделген кешенді жұмыстарды нақтылап атап өтті. Кеңес соңында жобаға қатысушылар тарапынан ұсыныстар беріліп, оң шешімдер қабылданды.