“Мақсатты мектеп” жобасын жүзеге асыру үшін педагог-директор-әдіскер-менторлар, «Өрлеу» филиалы, жергілікті атқарушы органдар мен білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлері өзара тиімді әрекеттесіп, өңірдегі нысаналы мектептерде оқыту сапасын көтеруге, білім сапасын қамтамасыз етуге, яғни білім беру мен оқыту, бағалау сапасын жақсартуға жан-жақты қолдау білдіруде.
Бұл тұрғыда әдістемелік қолдау, сүйемелдеу жасау үшін «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының облыс бойынша кәсіби даму институттары да өз тараптарынан жүйелі жұмыстар жүргізуді жалғастыруда.
Ағымдағы жылдың 29 қазанынан бастап мақсатты мектептердің пән мұғалімдеріне арналған бетпе-бет курстар басталды. Күні бүгінде мақсатты мектеп бойынша Оралдағы «Өрлеу» филиалында 1223 пән мұғалімдері біліктіліктерін арттырып, сертификатталды.
Бұл курстарды Оралдағы «Өрлеу» тренерлері жүргізуде.
