«Мақсатты мектеп»  жобасы: маңызды шаралар, сапа мен нәтиже

«Өрлеу»-Жамбыл тарапынан а.ж. 23 қаңтар күні «Мақсатты мектеп» жобасына енген білім беру ұйымдарының  әкімшілік мүшелеріне арналған «Мақсатты мектеп»  жобасы: маңызды шаралар, сапа мен нәтиже» атты онлайн әдістемелік семинар өткізілді. Шараға Талас, Жуалы, Шу аудандарының білім беру ұйымдары басшылары мен директордың орынбасарлары қатысты.

Семинар қатысушыларымен  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Л.Қожамжарова мақсатты мектеп педагогтерінің біліктіліктерін арттыру бойынша жоба аясында әдістемелік қолдауға негізделген  кешенді жұмыс жоспарын  талқылады. Алдағы мақсат-міндеттер мен атқарылатын жұмыстар туралы баяндады.

Өз кезегінде мектеп басшыларының ағымдағы жылдағы біліктілікті арттыру курстары, мұғалімдерді аттестаттау ережелеріне қатысты сауалдарына жауаптар берілді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар