«Мақсатты мектеп» жобасы: маңызды шаралар, сапа мен нәтиже

«Өрлеу»-Жамбыл тарапынан а.ж. 24 қаңтар күні «Мақсатты мектеп» жобасына енген білім беру ұйымдарының  әкімшілік мүшелеріне арналған «Мақсатты мектеп»  жобасы: маңызды шаралар, сапа мен нәтиже» атты онлайн кездесу өткізілді. Кездесуге Қордай ауданының білім беру ұйымдарының басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

Семинар қатысушыларымен кездескен  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Л.Қожамжарова мақсатты мектеп педагогтеріне арналған «Базалық деңгей», «Негізгі деңгей» біліктіліктерін арттыру курстары туралы, «Мақсатты мектеп» жобасы аясында әдістемелік қолдауға негізделген кешенді жұмыс жоспарына сай алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы талқылады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар