«Мақсатты мектеп» жобасы аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен пән мұғалімдеріне арналған ілгерінді деңгей бойынша біліктілікті арттыру курстарының үшінші күні өткізілуде. Батыс Қазақстан облысы бойынша 56 курста 1371 педагог біліктілігін арттыруда.
Ілгерінді деңгейлі курстарда педагогтер өз пәндерін тиімді оқытуға және оқушылардың білім деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік ала отырып, заманауи білім беру тәсілдерін меңгереді. Педагогтер курсты жоғары бағалап, оң пікірлер білдіруде.


