2 маусымнан бастап «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында мақсатты мектеп педагогтеріне арналған ілгерінді деңгейлі біліктілікті арттыру курстары басталды.
Бастауыш сынып, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі, математика, информатика, физика, химия, биология, география, тарих пәндері бойынша әзірленген бағдарламалар білім алушылар үшін ыңғайлы орта қалыптастыруға, бағалау жүйесін енгізуге, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдануға бағытталған.
Ілгерінді деңгейлі курс тыңдаушыларымызға кәсіби даму, жаңа серпін, жаңашылдық әкеледі деп сенеміз. Сәттілік тілейміз!


