Ұстаздар Үйінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Оқуды түсіну дағдыларын дамыту: PISA бағалауына сәйкес оқу тапсырмаларын құрастыру тәжірибесі. Әртүрлі мәтіндердің жанрлық және стильдік, тілдік ерекшеліктерін салыстыра талдау: деңгейлік тапсырмаларды құрастыру» тақырыбында әдістемелік вебинар ұйымдастырылды.
«Мақсатты мектептер» жобасы аясында өткізілген вебинар жұмысына Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш және Сырдария аудандары мақсатты мектептерінің педагогтері қатысты.
Вебинарға қатысушыларға PISA бағалауына сәйкес деңгейлік тапсырмалардың сипаттамасы және бағалау критерийлері, PISA халықаралық зерттеуі аясында оқу сауаттылығы бойынша мәтін түрлерімен жұмыс жасау, оқу мақсатына бағытталған функционалдық тапсырма құру барысындағы қиындықтар мен шешімдер, қазақ әдебиеті пәнінен сыни ойлауға бағытталған тапсырмалар құрастыру жолдары, білім берудегі жасанды интеллект мүмкіндіктері бағыттары бойынша мазмұнды ақпараттар берілді, функционалдық тапсырмалар құрастыру әдістері ұсынылды.
Вебинардың қорытынды бөлімінде пән мұғалімдерін толғандырған сұрақтарға жауап беріліп, сындарлы диалог жүргізілді. «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы мақсатты мектеп педагогтеріне қолдау көрсетуге бағытталған әдістемелік шаралар керуенін жалғастыра бермек!



