МДҰ тәрбиешілері тәжірибе алмасуда

Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен 4 наурыз күні мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері Байзақ ауданы, Астана бөбекжай-бақшасының базасында «Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту» облыстық семинар-практикум жұмысын өткізді.

Іс-шараның мақсаты-курс тыңдаушыларының тәжірибесінде кездесетін мәселелерді анықтау және өзара тәжірибе алмасу. Іс-шараны бақша меңгерушісі Лайля Джарылкапова ашты. Іс-шарада ойын әрекетінің баланы дамытудағы жетекші рөлін  анықтап, ұйымдастырылған іс-әркеттер арқылы көрсетілді. «Сиқырлы киіз үй», «Айсұлу» бизибор қуыршағы, «Ырғақты ойындар», «Дыбыстар әлеміне саяхат» дамытушы ойындары ұсынылды.

Курс тыңдаушыларына IQ және EQ дамыту және басқару бойынша ұсынымдар берілді.  Тыңдаушылардың цифрлық құзыреттілігін дамыту мақсатында Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті Александр Скалкин мектеп жасына дейінгі балаларды анимациялық мультфильмдер әзірлеу бағдарламаларын тиімді қолдану жолдарын көрсетті. Қатысушылар үшін бұл іс-шара таптырмас тәжірибе алмасу алаңы болды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар