Төртінші күні қала мен облыс кітапханашылары өз шеберліктерін жетілдіріп, дамытуда. Бұл күн медиасауаттылықпен танысуға, мультимедиялық материалдарды пайдалану әдістерін зерттеуге арналды. Ақпараттық қоғам адам үшін бұрын кездеспеген ақпарат пен білімге қол жеткізу мүмкіндіктерін ашуда. Сонымен қатар, ол көптеген тәуекелдер мен қауіп-қатерлерді тудырады. Қарама-қайшы және әр текті ақпараттың орасан зор көлемі жағдайында адамдарға ақпаратты алу, бағдарлау және қайта өңдеу барған сайын қиындап барады. Медиасауаттылық бүгінде кітапханашылар үшін өзекті болып отыр, себебі біз күнделікті түрлі дереккөздерден қарама-қайшы және шынайы емес жаңалықтар аламыз. Сондықтан Инна Грицининан тыңдаушылармен қарастырылып жатқан тақырыпты жан-жақты талқылап, іс жүзінде жаңалықтармен жұмыс істей білу жолдарын үйретті. Қолданылған тәжірибелік әдістердің арқасында кітапханашылар мектеп кітапханаларында және өз оқырмандарымен жұмыста медиасауаттылықты тиімді қолдануға көмектесетін құзыреттерін арттырды. Біздің курстарымыз жалғасуда.
Баян Муртазаева, зертхана меңгерушісі