2024 жылдың 1 қыркүйегінде Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының қызметкерлері «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын аясында Алматы облысының мектептерінде өткен іс-шараларға қатысты.
Атап айтсақ, «Педагогика және пәндік әдістер» кафедрасының меңгерушісі Меруерт Бисенбаева – Алматы облысы Талғар ауданы №39 орта мектебіне, аға оқытушысы Дариға Қартбаева – Алматы облысы Талғар ауданы №42 орта мектебіне, аға оқытушысы Нұрсәуле Қылышбекова – Қонаев қаласындағы орта мектеп-гимназиясына, кафедраның аға әдіскері Қарлығаш Бесирова – Алматы облысы Талғар ауданы №19 мектеп гимназиясына, тренерлер Мариям Мухамадиева және Жадыра Абдрахимова – Алматы облысы Талғар ауданы №24 мектеп гимназиясына, кафедра әдіскері Сайлигүл Гаппаровна – Алматы облысы Қарасай ауданы М.Мәметова атындағы орта мектебіне, аға оқытушы Фатима Каракушекова – Алматы облысы Іле ауданы №16 орта мектебіне барып қайтты.
Институт қызметкерлері мектеп ұжымын, ата-аналарды, мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 сынып бүлдіршіндерін Білім күні мерекесімен құттықтап, ізгі тілек білдірді.





