2023 жылдың 27 қантары күні “Ақтөбе-Өрлеу” жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі бала дамуының аспектілері» тақырыбында мектепке дейінгі педагогтарына семинар-практикум ұйымдастырылды. Бұл семинар-практикумның спикерлері Шангалаева Р.К., Алпамысова Т. мектепке дейінгі балалар дамуының ерекшеліктері мен дамытушы фактор -ересек адамдар ескеретін мәселелер, қойылатын талаптар қарастырды. Қатысушылар мектепке дейінгі балалардың жас ерекшелігіне сәйкес дербестігін, икемділік пен дағдысын, дүние танымын, шығармашылық қасиеттерін, тұлғалық дамуының алғышарттарын қалыптастыруға бағытталған жеке және бірлескен іс- әрекетін тиімді үйлестіру жолдары мен әдістері негізінде әдістемелік білімдерін жетілдіріп, өзара тәжірибе алмасты. Семинар – практикумның спикерлеріне тыңдаушылар ризашылығын білдіріп, ұсыныстар қабылдады.








