Өрлеу-СҚО оқытушылары мен @cmrito.sko әдіскерлерін “Мектепке дейінгі, бастауыш және жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшылары мен педагогтерінің күнделікті педагогикалық қызметінде Action Research, Lesson Study, Learning study қолдану теориясы мен практикасы”тақырыбы бойынша оқуды сәтті аяқтауымен құттықтаймыз.
Оқыту қажеттілігі Lesson Study-ге назар аудара отырып, мұғалімдерді курстан кейінгі қолдаудың жаңа форматымен негізделген. Action Research және зерттеудің басқа түрлерін қолдану тарихы мен практикасы туралы терең білім, қадамдық іс-қимыл алгоритмін егжей-тегжейлі талдау, жеке рефлексиялық парақтарды құрастыру және тағы басқалар бүкіл оқытудың басты назарында болды
Облыстың үздіксіз кәсіби дамуының екі ірі провайдерінің оқытушылары мен мамандарын бірлесіп оқыту курстан кейінгі сүйемелдеуді ұйымдастыруда бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз етеді, Lesson Study-ді педагогтардың қызметінде пайдалануды масштабтауға ықпал ететін болады.

- 31 Мар
- 2023