17-27 қаңтар аралығында «Өрлеу» – Нұр-Сұлтан Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында АКТ-технологияларды қолдану бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсы жалғасуда.
Курс барысында тыңдаушылар педагогтың АКТ құзыреттілігін қалыптастыру, оқыту мен тәрбиелеуде АКТ- технологияларын пайдалану, заманауи мұғалімнің АКТ құзыреттілігінің негізгі сипаттамаларын қарастыру, жаңа буынның сандық білім беру ресурстарын талқылау жолдарымен танысты.
Курстың мақсаты: оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
АКТ құзыреттілігі – бұл мұғалімнің ақпаратқа қол жеткізуі, оны іздеу, ұйымдастыру, өңдеу, сондай-ақ бағалау үшін ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану қабілеті.

- 24 Янв
- 2022