«Мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің біліктілігін арттырудың заманауи тәсілдері» атты дөңгелек үстел өтті

17 ақпанда «Мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің біліктілігін арттырудың заманауи тәсілдері» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға филиал директорының м.а. – Гульназ Мылтықбаевна, аға оқытушы – Гульмайра Умирбековна және қала балабақшаларының әдіскерлері қатысты.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының жетекшілігімен курстан кейінгі педагогтердің кәсіби қызметін сүйемелдеу мақсатында балабақшаларда семинар, курс өткізу, тәрбиешілердің біліктілігін арттыру жоспарланды.
Жиын барысында инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудегі инновациялық тәсілдері, мектепке дейінгі білім беру мазмұнының жаңаруы жағдайында педагогтердің АКТ технологияларды пайдалануы бойынша кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, ойындарды ұйымдастыруға арналған бейнелер жасау кезіндегі сандық құралдар мен балабақшадағы оқыту мен ұлттық тәрбиенің жаңа жолдары қарастырылып, әдіскерлер педагогтерді дайындауға қажетті білім мен өзекті тақырыптарды ұсынды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар