26 маусым күні «Мектепке дейінгі ұйым жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру» білім беру бағдарламасы курс тыңдаушылары Павлодар қаласының №37 сәбилер бақшасында облыстық семинарға қатысты.
Олар балабақшаның жұмыс тәжірибесіндегі инновациялық технологияларды және әдіс-тәсілдерді педагогтердің қолдану шеберлігі жайында біршама ақпараттар алды.
Балабақша тәрбиешілері семинар барысында кіші, ортаңғы, ересек топтармен математика негіздері, қоршаған ортаны дамыту, шығармашылыққа арналған ұйымдастырылған іс әрекеттер көрсетті. Одан кейін «Балалардың сөйлеу тілі бұзылуының алдын алуда инновациялық технологиялардың тиімділігі», «Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында танымдық-дамытушылық ойындарды қолдану», «Балаларға ұлттық тәлім-тәрбие беруде заманауи әдіс-тәмілдерді қолдану» тақырыбында баяндамалармен танысты.
Семинар соңында балабақша психологы Мадина Айгожина қатысушылармен тренинг өткізді.




