Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері, тәрбиешілеріне арналған «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсы ашылып, оқыту жұмыстары жүргізілуде.
Курс бағдарламасының мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдар әдіскерлерінің, тәрбиешілерінің ойындық құзыреттілік деңгейін арттыру.
Оқыту барысында тыңдаушылар қазіргі білім беруді дамытудың нормативтік және психологиялық-педагогикалық аспектілері, білім беру сапасын арттыру мән мәтінінде оқыту, дамыту және тәрбиелеудің мазмұны мен әдістерін жетілдіруді, педагогтердің IT-құзыреттілігін және цифрлық сауаттылығын дамытатын болады.


