Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтеріне арналған курс аяқталды

«Өрлеу» – Нұр-Сұлтан Кәсіби даму институты 23 мамыр мен 2 маусым аралығын қамтитын мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтеріне арналған: «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту» атты біліктілікті арттыру курсын аяқтады.
Тәрбиешілер курс барысында жаңа талаптарды қамтыған тақырыптармен танысып, ойынды түсінудің әртүрлі тәсілдерін зерттеп, мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие үдерісінде әртүрлі ойын түрлерін талдап және қолдану дағдыларын меңгеруде. Ойындар мен ойын сюжеттерін модельдеу тәжірибесін курс тренерлері Бадел А., Сарсенбаева Г.Б., Тусупова Г.У. жаңа бағдарламалар арқылы қатысушыларға мультфильм жасау әдістері мен ойын формалары арқылы педагогтердің ойын құзыреттілігін дамытты.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар