«Өрлеу» – Астана Кәсіби даму институты 5 – 16 маусым аралығын қамтитын мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтеріне және әдіскерлеріне арналған: «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту» атты біліктілікті арттыру курсын жалғастыруда.
Тыңдаушылар тәжірибелік сабақтарда балалар ойынының заманауи түсінігімен, білім берудің геймификациясымен танысуда. Курс ерте және мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сюжеттік, дидактикалық, ережелі ойындарды қолдана отырып, педагогикалық процесті жоспарлаудың тұтас идеясын қалыптастыруға бағытталған. Курс тренері – Сарсенбаева Гульмира Байдаковна.
