Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтері біліктіліктерін арттыруда

29 қаңтарда бастау алған курстардың бірі «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту» тақырыбында онлайн режимінде өтуде. Курс бағдарламасының мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлерінің, тәрбиешілерінің заттық-кеңістіктік дамытушы ортасын бағалау және жобалау саласындағы кәсіби құзыреттерінің деңгейін арттыру.
Тыңдаушылар курс барысында балалар ойынының заманауи түсінігімен, білім берудің геймификациясымен танысуда. Сонымен қатар, педагогтер IT-құзыреттіліктерін арттырып, цифрлық сауаттылығын дамытатын болады.Курс ерте және мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сюжеттік, дидактикалық, ережелі ойындарды қолдана отырып, педагогикалық процесті жоспарлаудың тұтас идеясын қалыптастыруға бағытталған. ”Ақтөбе-Өрлеуді» таңдаған курс тыңдаушылары кәсіби білімдерін шыңдап, құнды ақпараттар алып шығатынына сенім білдіреміз.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар