Мектепке дейінгі педагогтердің біліктілігін арттырудың өзекті бағдарламалары

14 наурызда ZOOM алаңында «Өрлеу» БАҰО» АҚ, «НЗМ» ПШО АҚ және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балаларды ерте дамыту институтының өкілдері мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің біліктілігін арттырудың жаңа білім беру бағдарламаларымен танысу үшін бірікті.

Вебинар қатысушыларына Балаларды ерте дамыту институтының  директоры М. Е. Адамова «Өрлеу» БАҰО» АҚ және «НЗМ» АҚ ПШО өткізетін 2022 жылға арналған мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарына қойылатын бірыңғай талаптарды ашып берді. Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламалары мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту моделінің талаптарына сәйкес олардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған. 

Білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер (Ибрагимова Г.К., Тәңірбергенова А.Ш.) курстық дайындық шеңберінде мектеп жасына дейінгі педагогтердің практикалық кәсіптік міндеттерінің мазмұны мен байланысын нығайту үшін бағдарлама модульдерін игерудің интерактивті режимі енгізілгенін атап өтті.

Тиісті әдістемелік ұсыныстар, дидактикалық материалдар, нормативтік құжаттар мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары жұмыс орнында одан әрі пайдалану үшін «Курс тыңдаушысының портфолиосында» жинақталған.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар