«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының 2021 жылғы операциялық жоспарына сәйкес, 2021 жылдың 24 қарашасында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың жаңа моделіне көшу»тақырыбындағы облыстық вебинар өткізді. Мақсаты – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың жаңа моделіне көшу жағдайында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің қызмет бағыттарын айқындау, озық тәжірибелерін жинақтау және тарату.
Филиал директоры, Гаухар Сайлаубекқызы Жұманова, құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздарға жемісті еңбек тілеп, осындай диалог алаңдарында алдағы уақытта ынтымақтастық, пікір алмасу және мұғалімдер тәжірибесін тиімді тарату қажеттігін атап өтті.
Вебинарға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, балабақша және шағын орталықтар, мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиешілері қатысты.
Вебинар қатысушыларына алғысымыз шексіз.