Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі» қаулысында елімізде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту – дені сау, дербес, білуге құмар, көпшіл, сын тұрғысынан ойлайтын балаларды қалыптастыру мен әлеуметтендіруге бағытталған тәрбиелеу мен оқыту жүйесін трансформациялау арқылы жүретіндігі көрсетілген. «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушысы, ә.ғ.к. Айгүл Абилова Тараз қ. №17 бөбекжай-балабақшасының педагогтарына арналған семинар-практикумда сыни ойлау, креативтілік, коммуникация, коллаборация, даму техникасы, жаттығулар, технологиялар анықтамалары мен құрамдас бөліктері егжей-тегжейлі қаралды. Төрт әмбебап дағды баланың әртүрлі іс-әрекеттегі жетістіктерін анықтай алады, бұл арнайы дағдыларды дамыту және адамның барлық жағынан тиімділігі үшін негіз болып табылады. Ұзақ мерзімді перспективада XXI ғасырдың құраушы дағдылары қазіргі әлемдегі мектеп жасына дейінгі баланың жетістігін қамтамасыз етеді.

