Мектепке дейінгі ұйымдағы ойын түрлерін тиімді қолдану

Ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы «Нұрсәт» балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдағы ойын түрлерін тиімді қолдану» тақырыбында мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері арналған облыстық семинар ұйымдастырылды.
Іс-шара – тәрбиеленушінің шығармашылық және интеллектуалды қабілеттіліктерін дамытуда инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану үшін жағдайлар жасау, мектепке дейінгі ұйым педагогтарының қабілеттері мен дағдыларын дамыту мақсатында өткізілген әдістемелік шара мазмұны тәрбиешілердің бойындағы ішкі ұмтылыс арқылы туындайтын мәселелермен үндесті.
Семинар модераторы, филиал аға оқытушысы Күлайым Рахатова дамытушы орта-заттар мен ойыншықтарға еркін қолжетімділікті және немен айналысатынын өз бетінше таңдауын, күні бойы өз идеяларын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, балалардың бастамасын қолдау үшін жоспарланған әртүрлі материалдары бар ортаға бейімдеу туралы мәліметтер берді.
Тәжірибелік алаңда аталған балабақшаның педагогтері іс-тәжірибелерімен бөлісіп, инновациялық педагогикалық технологияларды қолданудың тәсілдерін іс жүзінде көрсетті. «Нұрсәт» балабақшасының педагогикалық ұжымына және барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар