«Мектепке дейінгі ұйымның заттық-кеңістіктік даму ортасын ұйымдастыру»

2024 жылдың 14-24 қазан аралығында Өрлеу Алматы қаласы бойынша КДИ аға оқытушысы, п.ғ.к. Маханбетова Агима Абиловнаның жетекшілігімен «Мектепке дейінгі ұйымның заттық-кеңістіктік даму ортасын ұйымдастыру» мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға бағытталған біліктілікті арттыру курсы өтуде.

Курс аясында мектепке дейінгі ұйым үшін заттық-кеңістіктік дамыту ортасын құрудың заманауи тұжырымдамалары мен принциптері туралы жүйелі идеяларды қалыптастыру, заттық-кеңістіктік дамыту ортасының сапасын бағалау үшін ECERS шкалаларын пайдалануды үйрену, диагностикалық құралдарды пайдалану дағдыларын жетілдіру, оны бағалау негізінде мектепке дейінгі ұйымның заттық-кеңістіктік дамыту ортасының құрамдас бөліктерін ұйымдастыру құзыреттілігін дамыту мақсаттары жүзеге асырылды.

Алматы қаласының №37, №172 бөбекжай-балабақшаларында ұйымдастырылған көшпелі тәжірибелік сабақтар кезінде мектепке дейінгі ұйымның заттық-кеңістіктік дамытушы ортасының сапасын бағалауға арналған құралдармен таныстыру, диагностикалық құралдарды (бағалау парақтары, салыстырмалы талдау және т. б.) пайдалана отырып, мектепке дейінгі топтың/ мекеменің заттық-кеңістіктік дамтушы ортасының сапасын бағалауды жүргізуді үйреніп, өзара тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар