Мектепке дейінгі ұйымның пәндік-кеңістіктік даму ортасын ұйымдастыру

2024 жылғы 13 мамыр күні “Өрлеу”-Павлодарда «Мектепке дейінгі ұйымның пәндік-кеңістіктік даму ортасын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы басталып, мамырдың 23-іне дейін өтіті.

Білім беру бағдарламасының мақсаты-мектепке дейінгі топтың /ұйымның пәндік-кеңістіктік даму ортасын ұйымдастыруда әдіскерлердің, тәрбиешілердің кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейін арттыру. Курс оқытушысы Л.Подобинская болды.

Біліктілікті арттыру курстарына Павлодар өңірінің 25-ке жуық әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты, олардың алдында мектепке дейінгі топтың пәндік-кеңістіктік даму ортасын құрудың қазіргі заманғы тұжырымдамалары мен қағидаттары туралы жүйелі идеяларды қалыптастыру, мектепке дейінгі топтың/ұйымның пәндік-кеңістіктік даму ортасының сапасын бағалау үшін ECERS шкалаларын пайдалана отырып, диагностикалық құралдарды пайдалану дағдыларын жетілдіру сияқты міндеттер тұрды. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар мектепке дейінгі топтың пәндік-дамыту ортасын құрудың заманауи тұжырымдамалары мен принциптерін түсінуді, ECERS шкалаларын қолдана отырып, пәндік-кеңістіктік даму сапасын зерттеуді үйреніп, ұйымның пәндік-кеңістіктік даму ортасын оның сапасын бағалау негізінде дербес ұйымдастыра алуды үйренді.

Тыңдаушылардың айтуынша, курс өте қызықты әрі серлі болды. Олар алдағы уақытта жаңадан иеленген білімді өз жұмыстарында міндетті түрде қолданбақ.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар