17-28 сәуір аралығында «Өрлеу» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиал базасында мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілеріне «Мектепке дейінгі ұйым педагогінің ойын құзыреттілігін дамыту» атты біліктілікті арттыру курсы жалғасуда.
Курс барысында тренер – Игенбаева Бижан Курмангалиевна тыңдаушыларға шетелдік және отандық психологиядағы ойын түсінігін талдап және сюжетті ойын түрлері бойынша «Джигсо» әдісі арқылы топпен жұмыс жасау, ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған сюжеттік ойындар жасаудың әдіс-тәсілдері арқылы педагогтердің ойын құзыреттілігін дамытуда. Сондай -ақ, тәрбиешілер курс барысында жаңа талаптарды қамтыған тақырыптармен танысып, ойынды түсінудің әртүрлі тәсілдерін зерттеп, мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие үдерісінде әртүрлі ойын түрлерін талдап және қолдану дағдыларын меңгеруде.

