Мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған педагогикалық сағат

Жамбыл-«Өрлеу» мамандары Айгүл Абилова, Инна Грицинина, Светлана Шевченко Байзақ ауданы «Астана» балабақшасының әкімшілігі мен тәрбиешілеріне арнап, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында инклюзивті кеңістікті құру алгоритмін жасауға бағытталған тәжірибелік семинар ұйымдастырды. Тәжірибе барысында ЕББҚ бар баланың отбасына көмек көрсету мен қолдау жолдары және инклюзивті білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытудағы тиімді заманауи технологияларымен таныстырды. Әдіскер Светлана Шевченко «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауына  белсенді қатысу арқылы тәжірибелі педагогтердің өз жаңашыл тәсілдерін жариялап, педагогикалық қызметінде үздік тәжірибесін  көрсете алу мүмкіндігінің мол екендігіне баса назар аударуды ұсынды. Мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Педагогикалық идеялар панорамасы»  Республикалық байқауына дайындалуда кітапхана ресурстарын пайдалану» атты ақпараттық таныстырылымында кітапхана ісінің бас маманы Инна Грицинина жинақталған ең қызықты материалдарымен бөлісті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар