Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту

12.02. – 22.02.2024 аралығында өткізілген «Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы курс аяқталды. Курс соңында тыңдаушылар ойын түрлерін ұйымдастыру барысындағы педагог жұмысының мазмұны туралы топпен жоба жұмыстарын ұсынып, талқылау барысында көптеген пікірлер мен ұсыныстарын «Бес саусақ» әдісі арқылы жеткізді.🗨️Пікірлер:🔹Сынабаева Раушан, Бейнеу ауданы: «Мен үшін маңызды және қызық болды. Себебі күнделікті іс әрекетімде балаларға қандай еркін ойын ұйымдастыруым және оның қай мезгілде ұйымдастыруын білдім деп ойлаймын. Нақты білгенім топта еркін ойынның ережесінің нақты болуы және ойын соңы жеңіске жетуі болды». 🔹Утепова Жұлдыз, Ақтау қаласы: «Бас бармақ – маған ең маңызды болған, глоссарий жасау, джанбортта жұмыс жасау және педагогтің ойынды ұйымдастыру құзыреттілігін жүзеге асыруды үйрену болды. Қызық осыдан басталды. Балаң үйрек – маған бәрі түсінікті болды, тек онлайн форматында топпен жұмыс жасау қиындау болды. Ортан терек – маған жеткіліксіз, офлайн болғанда өте керемет болар еді, себебі сабақ қызықты жерлеріне келгенде үзіліп кетеді. Шылдыр шүмек – менің көңіл-күйім, уақытты тиімді пайдаланып, сапалы білімімді арттыра түстім, әлі де көп үйренуім керек, бұл курста алған білімімді алдағы уақытта қолдануға мүмкіндік алдым. Кішкене бөбек – менің ұсынысым, қазір сөйлеу қабілеті жетілмеген балалар көбейіп жатыр, сол балаларға арнайы курс болса, біз сол балалармен жоспарлы әрі арнайы жұмыс жасай алар едік».

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар