Ағымдағы жылдың 28 наурызынан Қордай ауданының мектепке дейінгі ұйым басшылары, әдіскерлері және мектепалды даярлық топтарының тәрбиешілеріне «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында АКТ технологияларды қолдану бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағыбіліктілікті арттыру курстары басталды. Курстар мектепке дейінгі білім беруді жаңғыртудың заманауи трендтері негізінде балаларды тәрбиелеу мен оқытуға дайындау мақсатында педагогтердің АКТ-құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Курстар барысында тыңдаушылар SMART оқыту, онлайн веб қызметтері, заманауи бұлтты технологиялары, 4К моделін іске асыру, soft skills, желілік технологиялары туралы ақпарат алып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды дамытудың ерекшеліктерін, мектепке дейінгі ұйымның тәрбиелеу мен оқыту процесін ақпараттық-коммуникациялық технолгиялары арқылы сүйемелдеуді меңгереді.

