28 сәуірде «Өрлеу» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиал базасында мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйым педагогінің ойын құзыреттілігін дамыту» атты біліктілікті арттыру курсы аяқталды.
Курс барысында тәрбиешілер жаңа талаптарды қамтыған тақырыптармен танысып, ойынды түсінудің әртүрлі тәсілдерін зерттеп, мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие үдерісінде әртүрлі ойын түрлерін талдап және қолдану дағдыларын меңгерді. Курс соныңда тренер – Игенбаева Бижан Курмангалиевна педагогтерді құттықтай отыра біліктілікті арттыру курсын аяқтағанын растайтын сертификатты табыстап, қатысушылардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады.