«Өрлеу» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалы тәрбиешілерге арналған «Мектепке дейінгі ұйым педагогінің ойын құзыреттілігін дамыту» атты біліктілікті арттыру курсын жалғастыруда.
Бүгінгі семинар бойынша МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТОПТЫҢ ЗАТТЫҚ-КЕҢІСТІКТІК ДАМЫТУШЫ ОРТАСЫ. ПЕДАГОГТІҢ ОЙЫНДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ қарастырылды.
Мақсаты: тыңдаушылардың заттық-кеңістіктік орта бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Курс барысында тренер мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамытып, заттық-кеңістіктік дамытушы ортада ойындардың пайдалану әдістерін ұсынуда. Сонымен қатар, жаңа талаптарды қамтыған тақырыптармен танысып, ойынды түсінудің әртүрлі тәсілдерін зерттеп, мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие үдерісінде әртүрлі ойын түрлерін талдап және қолдану дағдыларын меңгеруде.
Ойындардың тәжірибесін курс тренері жаңа бағдарламалар арқылы қатысушыларға заттық-кеңістіктіктің әдістері мен ойын формалары арқылы педагогтердің ойын құзыреттілігін дамытуда.




